28 Қазан 2025
101

АИТВ жайлы ақпараттандырылды

Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының Шиелі ауданындағы филиалының ұйымдастыруымен труба өңдеу заводы «Кемикал» ЖШС мекемесінің жұмысшыларымен «Жыныстық жолмен берілетін инфекциялар және АИТВ - ның алдын алу шаралары», «АИТВ - ның бизнеске әсері» тақырыбында кездесу өткізілді. Шиелі ауданындағы филиалы маманы Т.Досаев АИТВ - ның жалпы індеттік ахуалы жайлы ақпарат беріп, АИТВ - ның алдын алу, сақтану шаралары және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында Республика деңгейінде бекітілген арнайы бағдарламаларға сәйкес ауданымызда да көптеген іс - шаралар атқарылып жатқанын айтты. Әрі қарай қатысушылар арасында пікір алмасып парақшалар таратылып, қызметкерлердің сұрақ - жауап алмасуымен қорытындыланды.