17 Қазан 2025
42

АИТВ және ЖЖИБ - ның алдын алу туралы кездесу өтті

Республика көлемінде ұйымдастырылып отырған айлық аясында, 2025 жылдың 16 қазанында облыстық АИТВ - инфекциясының алдын алу орталығының Шиелі аудандық филиалының маманы Б.Парманқұлов, аудандық емхананың жастар денсаулық орталығының мен аудандық емхананың психолог маманымен бірлесе Шиелі кенті Ә.Қоңыратбаев атындағы № 48 мектеп лицейінде жоғарғы сынып оқушылары арасында кездесу өткізді.

Кездесудің мақсаты - жастар арасындағы АИТВ мен ЖЖБИ - дың таралу проблемасының өзектілігі туралы хабардар ету. Кездесу барысында мамандар жастар арасында әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алу, салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру, зиянды әдеттерден оның ішінде темекі тарту, алкоголь, есірткілік улы заттарды пайдаланудан сақтану мен жауапты мінез құлық қалыптастыру жолдары туралы ақпараттар ұсынылды.

Кездесу барысында, оқушыларға «АИТВ және ЖЖИБ - ның алдын алу жолдары» туралы презентациялар мен видеокөрсетілімдер ұсынылып, соңы сұрақ - жауаптармен ұласты. Шара соңында қатысушыларға ақпараттық танымдық материалдар таратылды.