17 Қазан 2025
37

АИТВ және ЖЖБИ - ның алдын алу туралы ақпараттандырылды

Республика көлемінде жарияланған айлықтың аясында, 2025 жылдың 16 қазаныда Қызылорда облыстық АИТВ орталығының Жалағаш ПСК кабинет дәрігері А. Бекниязова және аудандық аурухананың жастар денсаулығы орталығы дәрігері А. Бектаеваның ұйымдастыруымен, Жалағаш ауданының Ш.Бермағанбетова атындағы №246 мектепбінің жоғарғы сынып оқушылары арасында «АИТВ және ЖЖБИ инфекциясының алдын алу» тақырыбында іс шара өткізілдіді.

Іс шара барысында ЖЖБИ мен АИТВ жұғу жолдары, сақтану шаралары, клиникалық белгілері туралы ақпараттандыру жұмыстарын жүргізілді. Жасөспірімдерді жеке бас гигиенасын ұстануға, салауатты өмір сүруге, зиянды әдеттерден аулақ болуға, ЖЖБИ жұқтыру қаупіне қатысты сақтық шараларын сақтауға шақырды. Тақырыпқа сай презентациялар көрсетіліп, үн парақшалар таратылды. Іс - шара соңында оқушыларға сұрақтар қойылып, пікір алмасты.