Жастар мен жасөспірімдердің АИТВ және жыныстық жолмен берілетін инфекциялар туралы ақпараттану деңгейін арттыру, қауіпті індетті жұқтырған
адамдарға деген көзқарасын зерттеп білу, салауатты өмір салты дағдысын жастар санасына сіңіру, осы дерттің жастар арасында таралуына жол бермеу мақсатында, облыстық АИТВ инфекциясының алдын-алу орталығы мамандарымен «АИТВ мен ЖЖБИ өзекті мәселелері және оның алдын алу
шаралары» тақырыбында №268 орта мектептің оқушылар, мұғалімдер арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның басты мақсаты —жастардың жас ерекшеліктеріне сәйкессалауатты өмір салтының ұғымдарын, дағдыларын қалыптастыру. Оқышыларға жеке және қоғамдық гигиенаны сақтау, жұқпалы аурулардың алдын алу, зиянды әдеттерден оның ішінде темекі тарту, алкоголь, есірткілік улы заттарды пайдаланудан сақтану жолдары туралы айтылды.
Іс-шара ашық ашық диалог форматында өтті. Ұстаздар мен оқушылар тарапынан сұрақтар қойылып, толыққанды жауаптарын алды. Шара соңында қатысушыларға ақпараттық танымдық материалдар таратылды.
                
		


