14 Қазан 2025
4

Медициналық кеңес мәжілісі өткізілді

2025 жылдың 10 қазанында Қызылораа облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мәжіліс залында 2025 жылдың 9 ай қорытындысымен медициналық кеңес мәжілісі өткізілді.

Медициналық кеңеске Орталықтың мамандары, Қазалы және Шиелі аудандардағы филиал меңгерушілері мен барлық аудандық психоәлеуметтік кеңес беру кабинеттерінің дәрігерлері қатысты.

Мәжіліс барысында, АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының бас дәрігерінің орынбасары Ш.Утегенова 2025 жылдың 9 ай қорытындысымен Қызылорда облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының атқарған іс-шаралары мен 2025 жылдың 4-ші тоқсанына алға қойған мақсаттары туралы баяндама жасады. Баяндамада облысымызда 95/95/95 жаһандық стратегиясының мақсаттарына қол жеткізу бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды.

Кеңес соңынан Орталықтың бас дәрігері Л.К.Ахмет мамандарға алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарға бағыт-бағдар мен нақты тапсырмалар берді.