Қызылорда облыстық АИТВ орталығының ұйымдастыруымен, 2025 жылғы 7-9 қазан күндері Қызылорда қалалық орталық емхананың медицина қызметкерлерінің арасында семинар өткізілді. Шара «Қазақстан Республикасында АИТВ инфекциясының алдын алу жөніндегі 2023–2026 жылдарға арналған жол картасының» іс асыру мақсатында жүргізілді.
Семинар тақырыбы «АИТВ инфекциясының вертикальды жолмен берілудің профилактикасы, біріктірілген АИТВ-мен байланысты ауруларды диагностикалау және емдеу үшін АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды басқару мәселелері және АИТВ-мен өмір сүретін адамдар мен халықтың негізгі топтарының стигмасы мен кемсітушілік мәселелері».
Оқыту шарасын Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Ж.Д.Утепова және емдік бөлімінің дәрігер-инфекционисті А.Балмаханова жүргізді.
Семинардың негізгі мақсаты – медицина қызметкерлерінің АИТВ-мен өмір сүретін азаматтарға деген кәсіби, адами көзқарасын нығайту, кемсітушілік пен стигманың алдын алу жолдарын үйрету болды.
Семинар бейресми, ашық форматта өтті. Қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісті, сұрақтарына жауап алып, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға көрсетілетін қызмет сапасын арттыру жолдары талқыланды. Семинар соңынан қатысушыларға сертификаттар берілді.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/1494-zhol-kartasy-ayasynda-meditsina-yzmetkerleri-bilim-zhetildirildi#sigFreeId23e384bd0c