2025 жылдың 30 қыркүйек пен 1 қазан күндері Қызылорда қалалық № 6 емханасында облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының ұйымдастыру - әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Ж.Утепова мен емдік бөлімінің дәрігер - инфекционисті А. Балмаханова, «Қазақстан Республикасында АИТВ инфекциясының алдын алу жөніндегі 2023–2026 жылдарға арналған жол картасының» аясында бейресми семинар сабақтар ұйымдастырды.
Семинар барысында, «АИТВ - мен өмір сүретін адамдарды емдеу: ВИЧ/гепатит, жүрек - қан тамырлары, онкологиялық, неврологиялық, психиатриялық, акушерлік - гинекологиялық, өкпе, нефрологиялық және басқа да АИТВ - мен байланысты ауруларды диагностикалау және емдеу», «АИТВ мерездің, вирустық гепатиттердің анадан балаға берілуінің профилактикасы» және «АИТВ - мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілік мәселелері» туралы болды.
Іс - шара мақсаты: медицина қызметкерлеріне АИТВ - мен өмір сүретін адамдарға кешенді көмек көрсету бойынша білім беру, мультидисциплинарлық тәсілдерді меңгерту және медицина саласында адам құқықтарын сақтау, кемсітушілікті болдырмау және АИТВ - мен өмір сүретін азаматтардың өмір сапасын арттыру. Семинар соңынан барлық қатысушыларға бейресми оқу сертификаттары берілді.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/1492-bejresmi-seminar-saba-tar-tkizildi#sigFreeId798278571d