22 Қыркүйек 2025
3

Медицина саласының майталманы

Қызылорда облыстық АИТВ орталығының  психолог- дәрігері, медицина саласының майталманы Кәрібаева Бисенкүл Утегенқызы 70 жаста

Бүгін Облыстық АИТВ орталығының бас дәрігері Л.К.Ахмет, Орталықтың дәрігері Кәрібаева Бисенкүл Утегенқызын 70 жасқа толған мерейтойымен құттықтады. Құттықтау барысында бас дәрігер мерейтой иесіне ізгі тілегін жеткізе отырып, ұжымның атынан адресат пен гүл шоғын ұсынып, сый-құрмет көрсетті.

АИТВ-ның алдын алу жөніндегі Қызылорда облыстық орталығының психолог-дәрігері Кәрібаева Бисенкүл Утегенқызының медицина саласында жалпы еңбек өтілі 46 жыл, оның 17 жылында АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында қызмет жасауда.

Кәрібаева Бисенкүл Утегенқызы, 1978 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын "Емдеу ісі" мамандығы бойынша үздік бітіріп, 1978 жылдың тамыз айынан бастап Қызылорда қалалық ауруханасында интернатурадан өтіп, аурухананың жанындағы "жедел жәрдемде" жұмыс жасап, білім алуды практикамен ұштастыру мақсатында түнгі кезекшілікке шықты. 1989 жылы бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары, 2005-2008 жылдары № 5 қалалық емхананың бас дәрігері, 2008-2016 жылдары ЖИТС-ке қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың бас дәрігері, 2016-2023 жылдары облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары, 2024 жылдың қаңтар айынан бастап емдеу-көмек бөлімінің дәрігер-психологы болып жұмыс атқаруда.

Өзінің еңбек жолында, «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл», ҚР ДСМ-нің «Денсаулық ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгілері мен «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік мерекелік медалімен марапатталды.

Кездесу соңында, Бисенкүл Утегенқызы көрсетілген құрметке ризашылығын білдірді.