03 Қыркүйек 2025
29

АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды басқару бойынша медицина қызметкерлеріне арналған оқыту бағдарламасы өтті

3 қыркүйек 2025 жылы облыстық психикалық денсаулық орталығының мәжіліс залында Қызылорда облысының АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының дәрігер-инфекционисті А. Балмаханова мен ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің дәрігері Ж.Кистаубаева, «Қазақстан Республикасында АИТВ инфекциясының алдын алу жөніндегі 2023–2026 жылдарға арналған жол картасының» аясында семинар сабақ ұйымдастырды.

Семинардың тақырыбы «АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды басқару: ВИЧ/гепатит, жүрек-қан тамырлары, онкологиялық, неврологиялық, психиатриялық, акушерлік-гинекологиялық, өкпе, нефрологиялық және басқа да АИТВ-мен байланысты ауруларды диагностикалау және емдеу» және «АИТВ-мен өмір сүретін адамдар мен халықтың негізгі топтарының стигмасы мен кемсітушілік мәселелері» туралы болды.

Іс-шараның негізгі мақсаты: медицина қызметкерлеріне АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға кешенді көмек көрсету бойынша білім беру, мультидисциплинарлық тәсілдерді меңгерту және медицина саласында адам құқықтарын сақтау, кемсітушілікті болдырмау және АИТВ-мен өмір сүретін азаматтардың өмір сапасын арттыру.

Семинар барысында, қарастырылған негізгі бағыттар:

-АИТВ-мен өмір сүретін науқастарда неврологиялық және психиатриялық бұзылыстарды анықтау және емдеу;
-Кешенді тәсіл арқылы ауруларды басқару және мультидисциплинарлық командамен жұмыс істеу принциптері және т.б;

Бағдарлама медицина мамандарына АИТВ-мен байланысты ауруларды тиімді диагностикалау және емдеу бойынша білімдерін арттыруға мүмкіндік берді. Іс-шара барысында, семинарға қатысушылар АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты қалыптасқан теріс көзқарастарды талқылап, стигма мен кемсітушілікті азайтудың жолдарын қарастырды. Қызметкерлер өзара тәжірибе алмасып, науқастарға адами және этикалық тұрғыдан қолдау көрсетудің маңыздылығы атап өтілді.