03 Қыркүйек 2025
29

Облыстық балалар ауруханасында семинар өтті

2025 жылғы 2 қыркүйекте облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының дәрігерлері Ж.Кистаубаева мен А.Балмаханова облыстық көпбейінді балалар ауруханасында медицина қызметкерлеріне семинар-сабақтар өткізілді. Семинар барысында, «АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушіліктің алдын алу мәселелері» мен «Біріктірілген АИТВ/ВГ инфекциясы, АИТВ/жүрек-қан тамырлары, онкологиялық, неврологиялық, психиатриялық, өкпе, акушерлік-гинекологиялық, нефрологиялық ауруларды диагностикалау және емдеу үшін АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды басқару мәселелері» тақырыбында медицина қызметкерлері оқыту бағдарламасымен қамтылды.

Оқыту барысында, АИТВ инфекциясына байланысты жиі кездесетін мифтер мен жалған түсініктер, стигма мен дискриминацияның алдын алу жолдары айтылып, пациенттердің құқықтары, психо-әлеуметтік қолдау мен АИТВ-мен біріктірілген аурулардың емделуі, диагностикалау жолдары сөз болды.
Шараның басты мақсаты – медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттырумен қатар, әрбір пациентке құрметпен, түсіністікпен қарау мәдениетін қалыптастыру.

Семинарға қатысқан мамандарға, сертификаттар берілді.