14 Тамыз 2025
14

АИТВ жөнінде оқыту

2025 жылдың тамыз айында Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының бас дәрігерінің орынбасары Ш.Утегенова, ұйымдастыру әдістемелік бөлімнің дәрігері Ж.Кистаубаева Орталықтың жылдық жоспарына және Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 05.03.2025 ж №97 бұйрығына сай жол картасының 5.1 пункті «АИТВ-ның, мерездің, вирустық гепатиттердің анадан балаға берілуінің профилактикасы», 5.2 пункті «АИТВ–мен біріктірілген ауруларды диагностикалау және емдеу үшін АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды басқару мәселелері», 6.3 пункті «АИТВ мен өмір сүретін адамдар мен халықтың негізгі топ өкілдерінің стигмасы мен кемсітушілік мәселелері» тақырыбында Көпбейінді облыстық ауруханасында оқыту бағдарламасын жүргізді. Барлығы 238f медицина қызметкерлері оқумен қамтылды, оның ішінде 36 дәрігер және 202-і орта буын қызметкерлері болды. Семинар барысында АИТВ инфекциясының әлемдегі, Қазақстан Республикасындағы және облыстағы эпидемиологиялық ахуалы, жұғу жолдары, сақтану шаралары, АИТВ-ның алдын алуда қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер, анадан балаға берілудің алдын алу, АИТВ–мен біріктірілген ауруларды диагностикалау және емдеу үшін АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды бақылау, АИТВ мен өмір сүрушілерге, халықтың негізгі топ өкілдеріне байланысты стигма және дискриминацияның алдын алу туралы ақпараттар берілді. Сонымен қатар АИТВ-ны кәсіптік жұқтырудың алдын алу шаралары туралы мәлімет берілді. Медицина қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп кері байланыс жасалды.

Орталықтың ұйымдастыру әдістемелік бөлімінің дәрігері Ж.Кистаубаева