13 Тамыз 2025
15

АИТВ-ның алдын алу шаралары

АИТВ-ның алдын алу орталығы Арал ПӘК кабинетінің дәрігері А.Айбергенованың қатысуымен Бекбауыл дәрігерлік амбулаториясының медицина қызметкерлеріне семинар сабақтар өткізіліп, әдістемелік көмек көрсетілді. Семинар сабақ барысында АИТВ инфекциясының Қазақстан Республикасындағы және Қызылорда облысындағы эпидемиологиялық ахуалы, алдын алу, сақтану шаралары сонымен қатар, АИТВ инфекциясының алдын алу жөніндегі нормативтік құқықтық актілер туралы айтылып, талқыланды. Сонымен қатар АИТВ инфекциясына экспресс тестілеу әдісі түсіндірілді.