01 Тамыз 2025
16

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы тақырыбында семинар

Облыстық АИТВ инфециясының алдын алу орталығында медициналық қызметкерлер арасында  Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу тақырыбында семинар ұйымдастырылды.

Семинар аясында  эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі С.Балықбаева КҚГҚ бойынша облыс көлемінде жалпы эпидемиологиялық ахуалына тоқталып, аурудың клиникасы, зертханалық диагностикасы, емі, аурудың алдын алу үшін кенеден сақтанудың жолдары, КҚГҚ  күмәнді аурулар тіркелген жағдайда жүргізілетін іс-шаралар бойынша толық мағұлмат берді. Семинар барысында қойылған сұрақтаға жауаптар берілді.