01 Тамыз 2025
13

АИТВ-ның алдын алу

Ағымдағы жылдың шілде айында Түктібаев, Бекарыстан би және Жанқожа дәрігерлік амбулаторияларының медицина қызметкерлеріне семинар сабақтар өткізілді және әдістемелік көмектер көрсетілді. Семинар сабақ барысында АИТВ инфекциясының Қазақстан Республикасындағы және Қызылорда облысындағы эпидемиологиялық ахуалы, АИТВ инфекциясының алдын алу жөніндегі нормативтік құқықтық актілер туралы айтылды және талқыланды. Сонымен қатар АИТВ инфекциясына экспресс тестілеу әдісі туралы айтылды.