Аудандық білім бөлімне қарасты «Сыр Ұланы» тынығу лагерінде, лагер аға тәлімгері Е.Серіктің ұйымдастыруымен тынығушылармен тәлімгерлер арасында «АИТВ және Нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында іс-шара өткізілді.
Кездесудің мақсаты жастар мен жасөспірімдер арасында АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша ақпараттану деңгейін арттыру. Кездесу барысында АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының Шиелі ауданындағы филиалы маманы Т.Досаев
АИТВ инфекциясының алдын алу, сақтану шаралары, жұғу жолдарын толығымен түсіндіріп өтті. Іс-шара соңында қатысушылармен пікір алмасып, қойылған сұрақтарына жауап беріп, ақпараттық парақшалар таратылды.
Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының Шиелі ауданындағы филиалының эпидемиолог көмекшісі Т.Досаев
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/1446-lager-tyny-ushylary-a-parattandyryldy#sigFreeId614692cafa