Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі С.Балыкбаева Қызылорда облысының полиция департаментімен 2025 жылға бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес облыстық мамандандырылған күзет қызметі басқармасының жеке құрамы арасында ұйымдастырылған семинар-сабаққа қатысты.
Семинар барысында АИТВ инфекциясының республикада, облысымызда қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайы, жұғу жолдары мен алдын алу шаралары, АИТВ инфекциясының зертханалық диагностикасы, емі, АИТВ инфекциясымен өмір сүретіндерге қатысты стигма мен дискриминацияның алдын алу тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Семинар аясында АИТВ инфекциясын анықтауда қазіргі таңда үй жағдайында қолдануға болатын жедел тестілер көрсетіліп, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді. Семинар аяғында ақпараттық білім беру материалдары таратылды.
Балыкбаева С, эпидемиологиялық бөлім меңгерушісі.