Облыстық денсаулық сақтау басқармасының «Донорлық қан қауіпсіздігін қамтамасыз ету» бойынша 2025 жылдың 20-шы мамырындағы №232 бұйрығы бойынша және орталықтың 2025 жылдық жоспарына сәйкес облыстық қан орталығы мен облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығымен бірлескен мәжіліс ұйымдастырылды.
Бірлескен мәжілістің басты мақсаты: АИТВ - инфекциясының гемотрансфузиялық қан арқылы таралуының алдын алу, донорлық қанның қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Бірлескен мәжіліске облыстық емдеу мекемелерінің трансфузиологтары мен БМСК мекемелерінің реципиенттеріне жауапты медицина қызметкерлері қатысты. Мәжіліс барысында баяндама жасаған облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі С.Балыкбаева 2024 жылы республикада, облысымызда АИТВ инфекциясы бойынша қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға, оның ішінде донорлар мен реципиенттер арасында тіркелуі, жұғу жолдары мен алдын алу шараларын баяндады.
Сонымен қатар, донорлық қан қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында басшылыққа алынатын нормативтік- құқықтық құжаттарға, оның ішінде ҚР ДСМ-нің 27.11.2020ж. №211 бұйрыққа, ҚР ДСМ-нің 26.05.2021ж. № 44 бұйрығына, ҚР ДСМ-нің 11.08.2020ж.№96 бұйрықтарына тоқталып, толық түсініктеме берді.
Облыстық қан орталығының бөлім меңгерушісі О.Жұбатқанов донорлық қан қауіпсізідігін қамтамасыз ету барысында қан орталығымен атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Бірлескен мәжілістің қорытындысымен хаттамасы дайындалып, 28.05.2025жылы облыстық денсаулық сақтау басқармасымен қол қойылды, башылыққа ала отырып, жұмыс жасау үшін барлық емдеу және алдын алу медициналық ұйымдарына жіберілді.
С. Балыкбаева - АИТВ орталығының бөлім меңгерушісі