02 Маусым 2025
81

АИТВ инфекциясының алдын алу орталығында госпиталды эпидемиологтар арасында облыстық семинар ұйымдастырылды

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 2025 жылдың 20-шы мамырындағы №233 бұйрығы бойынша АИТВ инфекциясының алдын алу орталығында облыстық емдеу мекемелері мен БМСК ұйымдарының госпиталды эпидемиологтары арасында облыстық семинар ұйымдастырылды.

Семинар барысында эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі С.Балықбаева АИТВ инфекциясының Республикадағы, облысымыздағы эпидемиологиялық жағдайы, жұғу жолдары, алдын алу шаралары, АИТВ инфекциясының тұрғындар арасында, жүкті әйелдер мен олардың жыныстық серіктерстері, реципиенттер мен донорлар, 0-14 жастар арасындағы балалар арасында АИТВ инфекциясының тіркелуі, апаттық жағдайлар орын алғанда және медициналық қызметкерлер арасында байланыстан кейінгі жүргізілетін іс-шаралар туралы түсініктеме берді. Сонымен қатар, ҚР ДСМ №211/2020 бұйрығы бойынша клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша тексерілетін контингенттер, ҚР ДСМ -6 бұйрығы бойынша жедел тест әдімен тексерілетіндер, стигма, дискриминацияның алдын алу, болдырмау бойынша да айтылды.

АИТВ инфекциясының зертханалық диагностикасы, жедел тест қою техникасы , қан алу және тасымалдауталаптары бойынша орталықтың ИФТ зертханасының дәрігер-лаборанты М.Ибраева баяндап, практикалық сабақ өткізді.

Орталықтың емдеу-көмек бөлімінің дәрігер-инфекционисті А.Майданбаева АИТВ инфекциясының емі, сатылары, ҚР ДСМ-нің медициналық қызмет сапасы бойынша біріккен комиссиясымен мақұлданған 17.03.2023ж №180 «Ересектердегі АИТВ-инфекциясына диагноз қою және емдеудің клиникалық хаттамасы» бойынша толық мәлімет берді.

Семинар аяғында қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, ақпараттық білім- беру материалдары таратылды.

С.Балыкбаева эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі