Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 2025 жылға бекітілген жылдық жоспарына сәйкес облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандарымен Шиелі ауданының медициналық мекемелеріне әдістемелік көмек көрсетілді.
Әдістемелік көмек көрсету барысында 2025 жылдың 4 айында Шиелі ауданаралық ауруханасы мен емханасында АИТВ инфекциясының алдын алуда атқарылған жұмыстары, оның ішінде жүкті әйелдер мен олардың жыныстық серіктестерінің, реципиенттердің, аудан тұрғындарының клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша АИТВ-ға тексеру жұмыстары қаралды.
Аудандық аурухананың медицина қызметкерлері арасында АИТВ инфекциясына жедел тест қою әдісі бойынша семинар ұйымдастырылып, семинар барысында жедел тесті қою техникасы, тест қоюға қажетті медициналық құрал-жабдықтар, тестілеуге жататын контингенттер бойынша мәліметтер беріліп, практикалық сабақ өткізілді.
Сонымен қатар, аудандық емхананың жалпы тәжірибелік дәрігерлер, акушер-гинекологтар, аясы тар буынды дәрігерлер мен орта буынды медициналық қызметкерлері арасында семинар ұйымдастырылып, АИТВ инфекциясы бойынша Республикада, облысымызда қалыптасқан эпидемиологиялық жағдай, таралу жолдары, алдын алу шаралары, АИТВ диагностикасы мен емі, стигма мен дискриминация, АИТВ инфекциясына клиникалық және эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша жүргізілетін зерттеулер бойынша мағұлматтар берілді.
Эпидемиологиялық қадалау бөлімінің еңгерушісі С.Балыкбаева
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/1442-shieli-audanyny-meditsinaly-jymdaryna-distemelik-k-mek-k-rsetildi#sigFreeId3df1349738