16 Мамыр 2025
61

Колледж студенттері арасында АИТВ туралы

Республикалық репродуктивті денсаулық апталығы аясында жастардың арасында ЖЖБИ және АИТВ  инфекциясының алдын алу жөнінде іс шаралар өтті. Соның бірі М.Ықсанов атындағы техникалық жоғары ІТ колледжі студенттері арасында кездесу өткізілді. №6 қалалық емхананың маманы А.Жандарбекова, Жастар денсаулығы орталығының валеолог маманы А.Алтаева, АИТВ орталығының маманы Г.Жұмабекованың қатысуымен жастарға репродуктивті денсаулықты қорғау және отбасын жоспарлау мәселелері бойынша түсіндірме ағарту жұмыстары жүргізілді. Іс - шара барысында жастарға ЖЖБИ ауруларының, АИТВ - инфекциясының жұғу, таралу жолдары, алдын алу шаралары бойынша толық мәліметтер беріліп, ақпараттық білім беру материалдары таратылды.