2025 жылдың 12 - 16 мамыр аралығында Қазақстан Республикасында репродуктивті денсаулықты қорғау апталығы өтуде. Апталықтың басты мақсаты - халықтың репродуктивті денсаулығын қорғау және отбасын жоспарлау мәселелері бойынша ақпарттық - ағарту жұмыстарын жүргізу, соның ішінде жастардың репродуктивті денсаулығы және жыныстық жолмен берілетін аурулар мен АИТВ - инфекциясының алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру.
Осы мақсатта Шиелі ауданы Индустриалды аграрлық колледжінде студенттер арасында іс - шара ұйымдастырылды. Іс - шара барысында ЖЖБИ аурулардың, АИТВ - инфекциясының жұғу, таралу жолдары, диагностикасы мен емі, алдын алу шаралары бойынша толық мәліметтер беріліп, ақпараттық білім беру материалдары таратылды.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/1439-industrialdy-agrarly-kolledzh-studentteri-aitv-turaly-a-parattandyryldy#sigFreeId6fbe90523e