15 Мамыр 2025
63

Салауатты өмір салты насихатталды

Дүниежүзілік ЖИТС - тен қайтыс болғандарды еске алу куніне орай 2025 жылдың 14 мамырында Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын орталығы және облыстық тері - венерология диспансері мамандарының қатысуымен Қызылорда педагогикалық жоғарғы колледж студенттерімен кездесу жүргізілді. 

Кездесудің мақсаты: ЖИТС - тен қайтыс болғандарды еске алу күнінің маңыздылығына тоқтап кету, АИТВ - мен және ЖИТС - пен өмір сүретіндерге қолдау көрсету, АИТВ/ЖИТС - пен байланысты стереотиптерді жою, АИТВ/ЖИТС - пен күресуге жұмылдыру. 

Кездесу барысында АИТВ инфекциясының ахуалы, жұғу жолдары, эпидемиологиялық жағдайы, алдын алу, сақтану шаралары, қоғамда АИТВ жұқтырған адамдарға алалау, кемсіту, бөлу секілді теріс көзқарастарды болдырмау, психологиялық - әлеуметтік, моральдік көмектің көрсетілуіне ықпал жасау туралы толық ақпарат берілді. ЖИТС - ке қарсы күресте кедергі болатын теңсіздік мәселесімен қарсы күреске шақырылды. Қатысушылар тарапынан сауалдар қойылды, бейнероликтер көрсетіліп, буклеттер мен үн парақшалар таратылды. 

#СалауаттыҰрпақ2025

#ЗдоровоеПоколение2025 

#RepHealth2025 

#SalauattiUrpaq2025