15 Мамыр 2025
46

Репродуктивті денсаулықты қорғау

2025 жылдың 12 - 16 мамыр аралығында Қазақстан Республикасында репродуктивті денсаулықты қорғау апталығы өтуде. Апталықтың басты мақсаты - халықтың репродуктивті денсаулығын қорғау және отбасын жоспарлау мәселелері бойынша ақпарттық - ағарту жұмыстарын жүргізу, соның ішінде жастардың репродуктивті денсаулығы және жыныстық жолмен берілетін аурулар мен АИТВ - инфекциясының алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру.

Осы мақсатта Жастар денсаулығы орталығында АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандарының қатысуымен медициналық колледж студенттері арасында түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды. Іс - шара барысында ЖЖБИ аурулардың, АИТВ - инфекциясының жұғу, таралу жолдары, диагностикасы мен емі, алдын алу шаралары бойынша толық мәліметтер беріліп, ақпараттық білім беру материалдары таратылды. Сонымен қатар жедел тест жасалынып, толығымен түсіндірілді.

#СалауаттыҰрпақ2025

#ЗдоровоеПоколение2025 

#RepHealth2025 

#SalauattiUrpaq2025