15 Мамыр 2025
44

Мектеп оқушылары ақпараттандырылды

Әйтеке би кенті №216 орта мектеп 10 сынып оқушылары арасында ЖИТС - тен құрбан болғандарды еске алу тақырыбында кездесу өткізілді. Іс - шара барысында ЖЖБИ аурулардың, АИТВ - инфекциясының жұғу, таралу жолдары, диагностикасы мен емі, алдын алу шаралары бойынша толық мәліметтер беріліп, ақпараттық білім беру материалдары таратылды. Іс - шараның негізгі мақсаты АИТВ - ның алдын алу, жастар арасында жауапты мінез құлық қалыптастыру және АИТВмен өмір сүретін адамдардың проблемаларына назар аудару, кемсітушілікке жол бермеу, АИТВ - мен өмір сүруші адамдардың осалдығына әсер ететін және АИТВ - мен өмір сүруші адамдардың медициналық қызметтерге қол жеткізуіне кедергі келтіретін факторларды жою. Іс - шара соңында сұрақ жауап алмасты. 

АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының Қазалы филиалы эпидемиолог көмекшісі Т.Айбасов

#СалауаттыҰрпақ2025

#ЗдоровоеПоколение2025 

#RepHealth2025 

#SalauattiUrpaq2025