14 Мамыр 2025
110

ЖИТС құрбандарын еске алу

Әйтеке би кенті Қазалы аграрлы техникалық колледж студенттері арасында ЖИТС-тен құрбан болғандарды еске алу  тақырыбында кездесу өткізілді. Іс-шара барысында ЖЖБИ аурулардың, АИТВ-инфекциясының жұғу, таралу жолдары, диагностикасы мен емі, алдын алу шаралары бойынша толық мәліметтер беріліп, ақпараттық білім беру материалдары таратылды. Іс-шараның негізгі мақсаты АИТВ-ның алдын алу, жастар арасында жауапты мінез құлық қалыптастыру және АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың проблемаларына назар аудару, кемсітушілікке жол бермеу, АИТВ-мен өмір сүруші адамдардың осалдығына әсер ететін және АИТВ-мен өмір сүруші адамдардың медициналық қызметтерге қол жеткізуіне кедергі келтіретін факторларды жою. Іс-шара соңында сұрақ жауап алмасты.

АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының Қазалы филиалы эпидемиолог көмекшісі Т.Айбасов

#СалауаттыҰрпақ2025

#ЗдоровоеПоколение2025

#RepHealth2025

#SalauattiUrpaq2025