“Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі”. Қазіргі қоғамда жастардың репродуктивті денсаулығын нығайту және жыныстық жолмен берілетін аурулар соның ішінде АИТВ-инфекциясының алдын алу мақсатында көптеген жұмыстар атқарылып келеді. Соның бір айғағы ретінде «Өркениет» жоғары медициналық колледжінің білім алушылар және мұғалімдерімен кездесу болды.
Кездесу барысында орталық маманы АИТВ инфекциясының жұғу жолдары, сақтану шаралары, облыстағы, республикадағы эпид. ахуалын баяндады, соңында тақырыпқа сай ақпараттық білім беру материалдары таратылды.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/1428-salauatty-rpa-lt-bolasha-y#sigFreeIdedd9d579ed