14 Мамыр 2025
30

Казпочта қызметкерлері АИТВ туралы ақпараттандырылды

2025 жылдың 12-16 мамыр аралығында Қазақстан Республикасында репродуктивті денсаулықты қорғау апталығы өтуде. Апталықтың басты мақсаты-халықтыңрепродуктивті денсаулығын қорғау және отбасын жоспарлау мәселелері бойынша ақпарттық-ағарту жұмыстарын жүргізу, соның ішінде жастардың репродуктивті денсаулығы және жыныстық жолмен берілетін аурулар мен АИТВ-инфекциясының алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру.

Осы мақсатта Шиелі ауданы «Казпочта» мекемесінде іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында ЖЖБИ аурулардың, АИТВ-инфекциясының жұғу, таралу жолдары, диагностикасы мен емі, алдын алу шаралары бойынша толық мәліметтер беріліп, ақпараттық білім беру материалдары таратылды.

#СалауаттыҰрпақ2025

#ЗдоровоеПоколение2025

#RepHealth2025

#SalauattiUrpaq2025