2025 жылдың 12 - 16 мамыр аралығында Қазақстан Республикасында репродуктивті денсаулықты қорғау апталығы өтуде. Апталықтың басты мақсаты - халықтыңрепродуктивті денсаулығын қорғау және отбасын жоспарлау мәселелері бойынша ақпарттық - ағарту жұмыстарын жүргізу, соның ішінде жастардың репродуктивті денсаулығы және жыныстық жолмен берілетін аурулар мен АИТВ - инфекциясының алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру.
Осы мақсатта Шиелі ауданы «Қазақтелеком» АҚ мекемесінде іс - шара ұйымдастырылды. Іс - шара барысында ЖЖБИ аурулардың, АИТВ - инфекциясының жұғу, таралу жолдары, диагностикасы мен емі, алдыналу шаралары бойынша толық мәліметтер беріліп, ақпараттық білім беру материалдары таратылды.
#СалауаттыҰрпақ2025
#ЗдоровоеПоколение2025
#RepHealth2025
#SalauattiUrpaq2025
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/1425-yzmetkerler-aitv-turaly-a-parattandyryldy#sigFreeIdf3c0b3e417