13 Мамыр 2025
153

Жыныстық жолмен берілетін аурулар

2025 жылдың 12 - 16 мамыр аралығында Қазақстан Республикасында репродуктивті денсаулықты қорғау апталығы өтуде. Апталықтың басты мақсаты - халықтыңрепродуктивті денсаулығын қорғау және отбасын жоспарлау мәселелері бойынша ақпарттық - ағарту жұмыстарын жүргізу, соның ішінде жастардың репродуктивті денсаулығы және жыныстық жолмен берілетін аурулар мен АИТВ - инфекциясының алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру.

Осы мақсатта облыстық АИТВ орталығының мамандарымен Қазанқап атындағы музыкалық жоғарғы колледжінде оқушылар мен мұғалімдер арасында іс - шара ұйымдастырылды.

Іс - шара барысында ЖЖБ аурулардың, оның ішінде АИТВ - инфекциясының жұғу,таралу жолдары, диагностикасы мен емі, және алдыналу шаралары бойынша толық мәліметтер беріліп, ақпараттық білім беру материалдары таратылды.

#СалауаттыҰрпақ2025

#ЗдоровоеПоколение2025 

#RepHealth2025 

#SalauattiUrpaq2025