2025 жылдың 12 - 16 мамыр аралығы Қазақстан Республикасында репродуктивті денсаулықты қорғау апталығы өтуде. Апталықтың басты мақсаты - халықтың репродуктивті денсаулығын қорғау және отбасын жоспарлау мәселелері бойынша ақпараттық - ағарту жұмыстарын жүргізу.
Жастардың репродуктивті денсаулығын нығайту және жыныстық жолмен берілетін аурулар соның ішінде АИТВ - инфекциясының алдын алу мақсатында облыстық Сейхун колледжінің қыздар арасында кездесу болды. Кездесу барысында орталық маманы әр адам өзін және өзгелерді АИТВ жұқпасынан сақтай білуі керек. Жаман әдетке бой алдыру арқылы АИТВ - ны жұқтырып өмірлік айықпас дертке шалдығып өмір сүргенше, ақырын жүріп анық басқан әрбір азамат үшін тиімді қорғаныш болатыны түсіндіріліп, білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/1420-zhastar-aitv-men-a-parattandyryldy#sigFreeId148708bae4