12 Мамыр 2025
54

ЖИТС ауруынан құрбан болғандарды еске алу күні

2025 жылдың 12-16 мамыр аралығында Қазақстан Республикасында репордуктивті денсаулықты қорғау апталығы өтуде. Апталықтың басты мақсаты- халықтың репродуктивті денсаулығын қорғау және отбасын жоспарлау мәселелері бойынша ақпарттық-ағарту жұмыстарын жүргізу, соның ішінде жастардың репродуктивті денсаулығы және жыныстық жолмен берілетін аурулар мен АИТВ-инфекциясының алдын алу жұмыстарын ұймдастыру болып табылады.

Халықаралық ЖИТС ауруынан құрбан болғандарды еске алу күні аясында аудандық білім бөлімімен біріккен жоспарға сәйкес, Шиелі кенті Ы.Алтынсарин атындағы №219 мектепте оқушылар арасында кездесу өткізілді. Кездесудің мақсаты оқушыларға АИТВ-ның алдын алу шаралары мен салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау. Сонымен қатар оқушылар арасында жауапты мінез құлық қалыптастыру.

#СалауаттыҰрпақ2025

#ЗдоровоеПоколение2025

#RepHealth2025

#SalauattiUrpaq2025