2025 жылдың 12-16 мамыр аралығында Қазақстан Республикасында репордуктивті денсаулықты қорғау апталығы өтуде. Апталықтың басты мақсаты- халықтың репродуктивті денсаулығын қорғау және отбасын жоспарлау мәселелері бойынша ақпарттық-ағарту жұмыстарын жүргізу, соның ішінде жастардың репродуктивті денсаулығы және жыныстық жолмен берілетін аурулар мен АИТВ-инфекциясының алдын алу жұмыстарын ұймдастыру болып табылады.
Осыған орай, Арал аудандық №71 орта мектепте оқушылар арасында «Болашағымыз бүгіннен» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының маманы А.Айбергенова мен Арал аудандық көп бейінді орталық ауруханасына қарасты жастар денсаулық бөлімшесінің маманы З.Кушкарова ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күнінің маңыздылығына тоқтала кетіп, АИТВ-ның алдын алу, сақтану шараларымен қатар жұғу жолдарын айтып өтті. Сонымен қатар салауатты өмір салты, зиянды әдеттердің алдын алу насихатталды. Кездесу барысында оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
#СалауаттыҰрпақ 2025
#ЗдоровоеПоколение 2025
#RepHealth2025
#SalauattiUrpaq2025
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/1417-aitv-ny-aldyn-alu-sharalary-zh-rgizilude#sigFreeId97e090e5be