08 Мамыр 2025
68

Мектеп оқушылары АИТВ жөнінде ақпараттандырылды

Шиелі филиалы мамандарының ұйымдастыруымен №40 орта мектеп оқушыларымен кездесу болып өтті. Кездесу барысында АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу шаралары,  жұғу жолдары мен сақтану шаралары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар ақпараттық парақшалар таратылып, оқушылардың қойылған сұрақтарына жауап берілді.