2025 жылдың 24 сәуірінде Қызылорда "Болашақ" колледжінің студенттері арасында облыстық АИТВ – инфекциясының алдын алу орталығымен бірлесіп "Дені саудың – жаны сау" тақырыбында білім беру дәрісі ұйымдастырылды.
Ұйымдастырылған іс-шараның мақсаты студенттердің АИТВ-инфекциясының алдын алу, оны диагностикалау және денсаулықты сақтау туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған. Сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды жаман әдеттерден сақтандыру және АИТВ-ның алдын алу шараларын күшейту болып табылады.
Кеш барысында қатысушылар белсенді қатысып, сұрақтар қойып, викторинаға қатысып үлкен қызығушылығын танытты. АИТВ-ға жедел тестілеу сияқты практикалық аспектілерге ерекше назар аударылды.
Мұндай іс-шаралар жастардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруда, сондай-ақ АИТВ-мен байланысты мифтер мен стереотиптерді жоюда шешуші рөл атқарады.
"Бүгін біз студенттер тарапынан жоғары қызығушылықты байқап отырмыз, бұл жастардың білім алуға ғана емес, оларды іс жүзінде қолдануға дайын екендігін көрсетеді", — деп бөлісті іс-шараны ұйымдастырушылар.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/1411-deni-sau-rpa-lt-bolasha-y#sigFreeIdab608af052