25 Сәуiр 2025
89

Алдын алу шаралары

АИТВ/ЖИТС жөнінде санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізудің ерекше маңызы бар. Әркім инфекцияның қалай тарайтынын, одан қалай сақтану қажет екенін жетік білуі тиіс. Жалпы халықты, әсіресе балалар мен жастарды, қалыпты мінез қалыптастыруға, өнегелілікке тәрбиелеу мәселесін жолға қоймайынша, АИТВ/ЖИТС-пен күресудің нәтижесі мардымсыз. Жеке бас профилактикасы қарапайым әрі денсаулық үшін ұтымды.
Арал аудандық АИТВ/ЖИТС-тің жасырын тестілеу және психоәлеуметтік кеңес беру кабинетінің дәрігері А.Айбергенованың ұйымдастыруымен №260 орта мектептің 8-10 сынып оқушылары арасында «ЖИТС-тің алдын алу шаралары» тақырыбында баяндама жасалынып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кезекті алдын алу шарасы:
1. АИТВ/ЖИТС –тің әлемдегі, республикадағы, облыстағы індеттік ахуалы
2. АИТВ –ның жұғу жолдары
3. АИТВ-дан сақтану шаралары
4. Оқушының салауатты өмір салтына тәрбиелеудің маңызы
5. Дискриминация, стигманың алдын алу бағыттарында жүргізілді
Сонымен қатар білім алушыларға ақпараттық білім беру материалдары таратылды.