28 Наурыз 2025
460

Донорлық қан қауіпсіздігін қамтамасыз ету тақырыбында семинар

Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандарымен  облыстық денсаулық сақтау басқармасымен бекітілген 2025 жылдың жылдық жоспарына сәйкес облыстық қан орталығының медицина қызметкерлері арасында  «АИТВ инфекциясының алдын алу, оның ішінде  донорлық қан қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбында семинар-сабақ ұйымдастырылды.

Семинар барысында ҚР-да, облысымызда АИТВ-инфекциясы бойынша 2024 жылы қалыптасқан эпидемиологиялық жағдай, таралу, жұғу жолдары, алдын алу шаралары бойынша донорлар мен реципиенттер арасында АИТВ-инфекциясының тіркелуі туралы презентация жасалып, толық мағұлмат берілді.

Донорлар арасында АИТВ-инфекциясын ерте анықтау барысында облыстық қан орталығы тарапынан  атқарылатын іс-шаралар, сонымен қатар, медициналық қызметкерлер арасында орын алатын апаттық жағдайларда атқарылатын іс-шаралар, толтырылатын құжаттар мен жүргізілетін   зертханалық зерттеулер бойынша  мәліметтер берілді.

 

Эпидемиологиялық қадағалау

бөлімінің меңгерушісі С.Балыкбаева