19 Наурыз 2025
166

Қайырымдылық - асыл қасиет

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» деген қазақ атамыз. Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық, кеңпейілділік. Жомарт болу – өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу. Қайырымдылық – адамзат бойындағы ерекше бір қасиет. Қайырымдылық ізгіліктің, адамның адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын көрсететін адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен көмегі. Қайырымдылық жасау әр адамның қолынан келетін іс.

Осыған орай, АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының қызметкерлері өз тараптарынан Ұлыстың Ұлы күні наурыз мерекесі қарсаңында әрі Қасиетті рамазан айында диспансерлік есепте тұрған науқастарға азық-түлік ретінде әлеуметтік көмек көрсетті.

«Жаңбырменен жер көгерер, алғыспенен ел көгерер» демекші, дүниеде ел алғысына бөленуден артық сый жоқ! Қамқорлыққа зәру жандардың қамқоршысы болып, жылы сөз, жүрек жылуын ұсынып, ізгілік нұрын шашып, сый-сияпат көрсетіп жүрген жомарт жандар қатары көбейе берсе екен дейміз.