14 Наурыз 2025
129

Жастар мен жасөспірімдер ақпараттандырылды

АИТВ инфекциясының алдын алудағы басты шаралардың бірі - салауатты өмір салтын ұстану және ақпараттық білім беру. Қазіргі таңда инфекциядан сақтану жолында түсіндірме, ақпараттық-насихаттық жұмыстардың маңызы зор. Осы мақсатта   АИТВ-ның жұғу жолдары, сақтану шараларын түсіндіру мақсатында Абылайхан атындағы жоғары колледжінде АИТВ орталығының мамандарымен кездесу болды.

Кездесу барысында жасөспірімдерге арналған АИТВ/ЖИТС жөніндегі үнпарақтар мен буклеттер таратылды.