28 Ақпан 2025
184

Қорқыт ата

Жастар арасында АИТВ инфекциясының алдын алу шаралары насихатталды.
Қорқыт Ата атындағы ҚУ-нің гуманитарлық педагогикалық институтында АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу шаралары тақырыбында кездесу болды. Кездесу барысында білім алушыларға АИТВ-ның жұғу жолдары, сақтану шаралары жайында кеңінен айтылды. АИТВ-инфекциясының әлі де өзекті екендігін жастарға жеткізу, стигма мен дискриминацияға жол бермеу туралы түсіндірілді. Тақырыпқа сай ақпараттық білім материалдары таратылды.