Қорқыт Ата атындағы ҚУ-нің жасанды интеллект институтында «АИТВ-ның алдын алу шаралары» тақырыбында облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы мамандарымен кездесу болып өтті. Аталмыш іс-шараның мақсаты білім алушылардың АИТВ жөнінде білім деңгейлерін көтеру, АИТВ инфекциясына байланысты стигма, дискриминацияға (таңба басу, алалау, кемсіту) жол бермеу, оларды зиянды әдеттерден аулақ болуға және салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, сонымен қатар жыныстық жолмен берілетін жұқпалы аурулар, оның ішінде АИТВ/ЖИТС туралы кең көлемде мағұлмат беру болып табылады.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/1381-aitv-ny-aldyn-alu-sharalary-14#sigFreeId3718501617