Қызылорда қаласының АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында облыстық денсаулық сақтау басқармасына ведомстволық бағынысты №3, №6 емханалардың жауапты мамандарының қатысуымен Қызылорда қаласының ҚАЖД өкілдерімен бірлескен жұмыс кеңесі өтті.
АИТВ орталығының дәрігерлері республикада, облысымызда ҚАЖ қарасты мекемелерде қалыптасқан эпидемиологиялық жағдай, арнайы контингенттер арасында жүргізілген профилактикалық іс-шаралардың нәтижелері, сотталғандармен қамалғандарды АИТВ инфекциясына тестілеу жұмыстары және 2024 жылы орын алған кемшіліктермен алға қойған мақсаттар тақырыбында баяндамалар жасады.
Орталықтың бас дәрігердің орынбасары Ш.Утегенова арнайы контингентке медициналық қызмет көрсету денсаулық сақтау басқармасына берілгеніне қарамастан АИТВ инфекциясын алдын алу барысында Қылмыстық атқару жүйесі департаменті, Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, АИТВ орталығымен мекемеаралық бірлескен жұмыстар өзекті болып қала беретініне тоқталды. Сонымен қатар, осы мекемеаралық сабақтастықты әрі қарай жалғастыруға, сотталғандардың, оның ішінде АИТВ-мен өмір сүретіндердің денсаулығын қорғау мәселелеріне, АИТВ инфекциясының мекемеішілік жағдайлардың орын алмауына бақылауды күшейту туралы атап өтті.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/1380-yzylorda-alasynda-y-azhd-men-birlesken-is-shara#sigFreeIda51db1fe2c