Шиелі кенті Ә.Қоңыратбаев атындағы №48 мектеп лицейінде облыстық АИТВ - инфекциясының алдын алу орталығының Шиелі ауданындағы филиалы мен аудандық білім бөлімінің біріккен жоспары аясында мектеп оқушылары арасында кездесу болып өтті. Кездесудің басты мақсаты салауатты өмір салтын ұстану, жауапты мінез құлық қалыптастыру, АИТВ - ның алдын алу және кемсітумен алалауға жол бермеу. Мамандар тарапынан баяндамалар жасалынып, ақпараттар берілді. Мектеп аяжаны Г.Медешова салауатты өмір салты тақырыбында баяндама жасады. Іс - шара барысында сұрақ жауап алмасып қорытындыланды.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/1376-aitv-ny-aldyn-alu-is-sharalary#sigFreeId7e9b7eccc4