19 Ақпан 2025
10

Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы мен облыстық психикалық денсаулық орталығымен бірлескен мәжіліс ұйымдастырылды.

Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы мамандарының ұйымдастыруымен Облыстық денсаулық сақтау басқармасымен 2025 жылға бекітілген АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының жылдық жоспарына сәйкес «2024 жылы иньекциялық есірткі тұтынушылардың АИТВ - ға тексеру және 2025 жылға жұмыстарды жақсарту» мәселелері бойынша облыстық психикалық денсаулық орталығымен бірлескен мәжіліс өткізілді.

Бірлескен мәжіліс барысында АИТВ - инфекциясы бойынша Республикадағы, облысымыздағы эпидемиологиялық жағдай, оның ішінде АИТВ - инфекциясының парентералды жолмен таралуына толықтай талдау жасалды. 2024 жылы ҚР ДСМ - нің 27.11.2020ж. №211 бұйрығына сәйкес облыстық психикалық денсаулық орталықтарында есепте тұрған иньекциялық есірткі тұтынушылар жылына 2 рет АИТВ - инфекциясына толықтай тексерілген.

Облыс бойынша АИТВ - инфекциясының парентералды жолмен таралуының алдын алу үшін облыстық психикалық денсаулық орталығымен жаңадан есепке алынған және осы диагнозбен есепте тұрған иньекциялық есірткі тұтынушыларды АИТВ - инфекциясына уақытылы тексеруді әрі қарай жалғастыру бойынша ұсыныстар беріліп, осы бағыттағы жұмыстарды бірлесе атқару бойынша шешім қабылданды.

Эпидемиологиялық бөлім меңгерушісі
С.Балыкбаева