05 Ақпан 2025
30

АИТВ-ның алдын алу

Облыстық қоғамдық даму басқармасы «Облыстық жастар ресурстық орталығы» КММ-де осы мекеме қызметкерлерінің АИТВ инфекциясының алдын алу, Жастар денсаулығы орталығы, Облыстық психикалық денсаулық орталықтарының мамандарының қатысуымен біріккен мәжіліс өткізілді.

Күн тәртібіне сәйкес жастар арасындағы ерте жүктілік, суицидтің алдын алу және қызу желі арқылы психиологиялық көмек көрсету туралы, зиянды әдеттер оның ішінде есірткі және психиотропты заттардың жастарға әсері және оның алдын алу шаралары, АИТВ инфекециясын жұқтыру қауіпі, алдын алу шаралары мен репродуктивті денсаулықты нығайту жолдары тақырыптарында мамандар тарапынан ақпараттар берілді.

Біріккен мәжіліс барысында қатысушылармен пікір алмасып, кері байланыс орнатылып сұрақтарға мамандар тарапынан жауаптар берілді.

Әрі қарай алдағы уақытта жылдық біріккен жоспарларға сәйкес жастар мен жасөспірімдер арасында аталмыш мәселелердің алдын алуда нәтижелі іс-шаралар атқаруға байланысты шешімдер қабылданды.


АИТВ орталығының ұйымдастыру
әдістемелік бөлімінің дәрігері Ж.Кистаубаева