Облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығы мен облыстық полиция департаментімен жасалған жылдық жоспарға сәйкес облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығы маманымен қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторы, әкімшілік қамау орны және қабылдау тарату мекемелеріндегі қамауда отырғандар арасында кездесу өткізілді.
Кездесу барысында АИТВ-инфекциясының әлемдегі, республика, облыстардағы жалпы эпидемиологиялық жағдайы, АИТВ-инфекциясының диагностикасы, клиникасы және одан сақтану шаралары мен бас бостандығынан айыру орындарындағы АИТВ инфекциясының індеттік ахуалы, мекемеішілік жұқтыру жағдайлары, осы індетпен өмір сурушілер жайлары талқыланды.
Кездесу пікір талас, сұрақ жауап ретінде, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтар қызу талқыланып жан жақты толық жауаптар берілді. Бұндай іс-шаралар одан әрі жалғасын таба бермек.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/1366-aitv-ny-aldyn-alu-sharalary-13#sigFreeIdd826853b3b