30 Қантар 2025
51

Мектеп оқушылары ақпараттандырылды

Жастар мен жасөспірімдердің АИТВ/ЖИТС жөніндегі ақпараттану деңгейін арттыру, вирус жұқтырған адамдарға деген көзқарасын зерттеп білу, салауатты өмір салты дағдысын жастар санасына сіңіру, осы дерттің жастар арасында таралуына жол бермеу мақсатында «АИТВ/ЖИТС-тің өзекті мәселелері және оның алдын алу шаралары» тақырыбында №271 орта мектептің оқушылар, мұғалімдер арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мұндай іс-шаралар әрі қарай оқу орындарында өз жалғасын таппақ.