29 Қантар 2025
170

АИТВ/ЖИТС жөнінде апараттандыру

Қазіргі таңда АИТВ-дан сақтану жолында түсіндірме, ақпараттық-насихаттық жұмыстардың маңызы зор. Осы мақсатта жыл бойына жастар мен жасөспірімдер арасында түрлі үлгіде іс-шаралар өткізіліп келеді. Соның бір айғағы қаладағы Р.Әліарыстанұлы атындағы орта мектепте оқушылармен кездесу болды. Кездесуде АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының маманы АИТВ-ның жұғу жолы, сақтану шаралары және стигма, дискриминация жағдайларын болдырмау жөнінде айтылды.