Қызылорда қаласы, Сейілбек Шаухаманов атындағы «Дарын» №10 қазақ-түрік лицейінде оқушылар мен ұстаздар арасында АИТВ-инфекциясы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық ахуалы, жұғу жолдары, алдын алу және сақтану шаралары туралы толық ақпарат берілді. АИТВ/ЖИТС-ке қарсы күресте кедергі болатын теңсіздік мәселесімен күресуге шақырылды. АИТВ-инфекциясының әлі де өзекті екендігін халыққа жеткізу, стигма мен кемсітушілікті жою бағытында жұмыс жасау жайы айтылды. Сонымен қатар, республика және облыс көлемінде «Адам құқықтары жолын дұрыс таңдаңыз!» тақырыбында жүргізіліп жатқан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған кампанияның мақсаты мен міндеттері туралы мәліметтер берілді. Лицей оқытушылары мен оқушылары тарапынан сауалдар қойылып, қызу талқыланып, қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді. Презентация, бейне роликтер көрсетіліп, буклеттер мен үн парақтар таратылды.
Дәрігер эпидемиолог А. Садвакасова.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/1342-bilim-beru-salasynda-aitv-infektsiyasyny-aldyn-alu-2#sigFreeId43eba49825