03 Желтоқсан 2024
30

АИТВ инфекциясынан сақтану шаралары

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай «Адам құқықтары жолын дұрыс таңдаңыз!» тақырыбында №244 орта мектепте оқушылар арасында кездесу өткізілді. Кездесу барысында Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы Шиелі ауданындағы филиалының маманы Т.Досаев республика, облыс, аудан көлемінде АИТВ/ЖИТС-тің індеттік ахуалы, алдын-алу жөнінде ақпараттар беріп, жасөспірімдерді зиянды әдеттерден аулақ болуды насихаттады. Аудан көлемінде 2024 жылдың 20-шы қарашасымен 1-ші желтоқсан арасында ұйымдастырылып жатқан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған кампаниясына тоқталып, қазіргі таңда АИТВ-инфекциясын алдын алуда іс шаралар өткізіліпжатқаны айтылды. Қатысушылар сауалдарын қойып, жауап алды. Оқушылар назарына бейнеролик ұсынылды, үнпарақтар таратылды.