Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында №9 С.Шаухаманов атындағы білім инновация лицей-интернатында мамандармен кездесу болды.
Кездесу барысында орталық мамандары АИТВ-ның жұғу жолдары мен сақтану шаралары, алалау, таңба басуды (стигма, дискриминация) болдырмау жайлы айтылып оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Сонымен қатар, облыстық жастар денсаулық орталығының мамандары есірткінің, темекінің зияны жайында айтып өтті. Кездесу соңында жасөспірімдерге арналған АИТВ/ЖИТС жөніндегі үнпарақтар мен буклеттер таратылды.
Смағұлова Нұргүл - Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының педагогы.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/1334-adam-y-tary-zholyn-d-rys-ta-da-yz-4#sigFreeId74912f540f